Қызылорда
облысы, Қазалы ауданы, Табанкөл елдімекенінде дүниеге келген. Алматы
қаласындағы эстрада және цирк студиясын 1969 жылы Ғарифолла Құрманғалиевтің
класы бойынша бітірген. Көп жылдар бойы Шымкент қаласындағы облыстық
филармонияда қызмет атқарған.
1970-1980 жылдары Мәскеу, Минск, Бұхара
қалаларында және Қарақалпақстан жерінде өнер сапарларында болған. Аты аңызға
айналған Наурызбек жыршыны Қарақалпақстанға іздеп барып тәлімін түйген.
2007 жылы «Рухани мұра» атты үш томдыққа енген. Жыр қорында Мұрын жырау нұсқасындағы «Мұсахан» жыры, «Орақ- Мамай», «Қарасай-Қази», «Ұры Қарға», «Асау-Барақ», «Нарқыз», Наурызбек жыраудың «Нұртөре», «Бәйімбет палуан» атты төл шығармалары бар. Арал, Қазалы мен Қарақалпақстан өңіріндегі қазақтардың арасында сақталған көне мақам саздардың теңдесі жоқ орындаушысы.2016 жылы қыркүйек айында Кентау қаласында дүниеден өтті.