ШЫНБЕРГЕН ТІЛЕУЛЕСОВ (1958-1920 ж.ж)

Шынберген Қоңыртайұлы 1958 жылы 10 сәуірде Қазалы ауданы Лақалы аулында дүниеге келген.

Республикалық эстрада цирк өнері студиясын «Домбырамен ән салу» мамандығын және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Ән салу» факультетін бітірген.

Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қызылорда облыстық филармониясында әнші болып қызметін бастаған Ш.Тілеулесов қырық жылға жуық Сыр өнері мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды.

Ол халық әндерін ерекше орындауымен дараланған тума талант болған.

Шынберген Тілеулесов 2020 жылдың қараша айында Қызылорда қаласында өмірден озды.