1957
жылы 1 шілдеде Арықбалық ауылдық округі, қазіргі Жанқожа батыр ауылында дүниеге
келген.
1975
жылы атақты Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерін радиодан естіп, оған еліктеп
өскен.
1991-1993 жылдары Жамбыл облыстық филармониясында қызмет атқарған. Жыр қорында 200 астам терме бар. Сондай-ақ, Нұртуғанның «Едіге», «Орақ-Мамай», Мұрын жыраудың «Қарасай-Қазиын», Тілеумағанбеттің «Асау-Барақ» қисса-дастандарын, Н.Ахметбековтің «Қарға» поэмаларын орындайды.
1993 жылы Жалағаш ауданында Бұхарбай
батырдың 180 жылдығына арналған байқаудың І орын иегері.
2002 жылы «Өнер – жан байлығы» атты
жыршы-термешілер байқауында жүлдегер иемденді.
2008 жылы Қызылорда облысы қазақ фольклорының жауһары «Қыз Жібек» жырының 500 жылдығына орай облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2012 жылы Жалағаш ауданында Бұхарбай батырдың 200 жылдығына арналған байқаудың Бас жүлде иегері.
2012 жылы Қазалы аудандық мәдениет орталығында
Ғ.Мұратбаевтың 110 жылдығында ІІ
дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 жылы Қазалы аудандық мәдениет орталығында
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қ.Ерімбеттің «Жыр жауһар» атты жыршы-термешілердің
байқауында І орынды жеңіп алды.