БАСПАН ҚҰЛЫМБАЙҰЛЫ (1853-1916 жж.)

1853 жылдардың шамасында Сыр өңірінде дүниеге келген. Шежіре бойынша ата тегін тарқатсақ, Шөмекей-Бозғұл-Қаратамыр-Қожас-Құттығай Есенғұл-Ақсақ. Рысты анамыздан Баймұрат-Құлымбай. Құлымбайдан Баспан. Баспаннан Ақберді, Панарбектен тарайды. Баспанның балалары аумалы-төңкермелі заманда жат жерге бас паналап кеткен деген деректер бар.

Сыр өңірінде Баспан жайлы деректер көп болғанмен кезінде толық мән берілмей іздестірілмеген. Өлең жырларын білетін жатқа айтатын Оспан Ерімбетұлы, Нағашыбай ақсақалдардың көзінің тірісінде енжарлықтың әсерінен жазып алынбай қалынды.

Баспан ақынның өлең құрастыру жүйесі, теңеулері орын-орнына ретімен орналастыруы, асқан біліктілікті, білгірлігін аңғартады.

Әлкей Марғұланның «Ежелгі жыр, аңыздар» кітабында, Қорқыт өнерін жалғастырып, Қорқыт атын дәріптеген Сыр бойы ақын жырауларының ішінде Баспанның аты да аталған.

Ақынның көптеген өлең-жырлары іздестіруді қажет етеді. Баспан ақынның Бәшкенің Оспанымен айтысының кейбір үзінділері ғана сақталған. Толық нұсқасы қолымызға түспеді.

Оның «Төребай би туралы толғауы», «Самұрат балаларына» атты шығармалары ғана бар.