ШАМШАТОВ СЕРІКБАЙ

Серікбай Шамшатұлы 1936 жылы Қарақалпақ автономиялық республикасының Тақтакөпір деген жерінде дүниеге келген.Орта мектепті бітірген Серікбай сол ауылда темір ұстасы болып 1964 жылдың март айына дейін еңбек етіп жаңадан құрылған Жаңақала (қазіргі Тәйімбет Көмекбаев атындағы ауыл) мал совхозына көшіп келіп, сол ауылдағы №185 орта мектепте оқытушы болып қызмет атқарады. Бұл 1990-1995 жылдар аралығында. Оған дейін өзінің негізгі кәсібі темір ұсталығымен айналысты. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін ата-бабаның дәстүрлі орындаушылығына біріңғай бет бұрып, Сыр шайырлары Тұрмағамбет, Оңғар, Базар, Шегебай, Омар, Мұзарап, Жүсіптердің шығармаларын жастарға үйретуге ден қойды.

Терме-толғау, мысалдармен қатар Мұзараптың «Самұрық», Омардың «Тақ Сүлеймен», Тұрмағамбеттің «Рауа Бану», «Ақ құс» секілді қисса-дастандарын елге насихаттаумен айналысады. Кейінгі жылдары елдің егемендікке қол жеткізуіне сәйкес дін саласына ықылас қойып, ауыл молдасы дәрежесіне дейін көтерілді. Ақсақал қазір сол Т.Көмекбаев ауылында тұрады.