ЖАЙЫҚБАЙҰЛЫ СЫРБАЙ ЖЫРАУ

«1961 жылы Қазақстан Ғылым академиясының жанындағы бұрынғы «Тіл Әдебиет» институты «Әдебиет және өнер институты» болып қайта құрылғанда жаңадан ашылған музыка бөлімінің 1962 жылы Қызылорда облысына жасалған музыкалық экспедициясында мен де болып, кейін 1964, 1970 жылдары осы өңірден қазақ фольклорының түрлі жанрларына қатысты көптеген материалдар жинастырдық» – дейді өнертану ғылымдарының кандидаты Зәуре Жанұзақова апамыз.

Сол сапарда Күндебай, Мұзарап, Үбісұлтан, Әбілда, Мұхамедияр, Балқашбай, Шамшат, Төлеген, Нәби, Шыналы, Зайыр, Исламбек секілді т.б. өнерпаздардың шығармаларын (өздері орындаған) ғана жазып алғанын, олардың өмірдеректерін ала-алмағандығына өкінішін білдірді. Сол орындаушылардың ішіндегі ең қарт жырау Үбісұлтан Аяповтың орындауында бір мақам мен өлең біздің наразымызды аударды. Белгілі ғалым, фольклор зерттеушісі 2008 жылы Қазақстанға аты шыққан меценат Қаһарман Бабағұловтың идеясымен 2008 жылы ғалым Берік Жүсіповтың жинақтауымен жарыққа шыққан «Сыр сүлейін сұрасаң...» атты музыкалық антологиясында: №5 дискінің 28 трегінде жазылған Үбісұлтан Аяповтың орындауындағы «Құлақбасар» атты термені Кете Сырбайдың мақамы деп жазған. Біз әңгіме еткелі отырған Сырбай Жайықбайұлы жырау осы жоғарыдағы мақамның иесі деп ойладық. Өйткені 1965 жылы жазылған ақын Әлиакбар Жұматаевтың «Кетенің кемеңгері» атты ұзақ толғауындағы Сырбай жыраудың басқа Кете руынан басқа Сырбайдың аты аталмайды. Кетенің Киікші аталығынан шыққан Сырбай жырау осы кісі деп шамаладық. Оның ұрпағы Алматтың айтуынша Ұлы атасы Сырбайдың жырау болғанын өз әкесі Жұмабаев Рүстемнен естігенін бізге айтып берді.

Енді шамамыз келгенше Сырбай жырау жайлы сөз қозғасақ. Сырбай Жайықбайұлы –  шамамен ХІХ ғасырдың 60 жылдарында Кетелердің ата мекендері Ақтайлақ-кезең, Бұқатышқан деген жайлауында дүниеге келіп, ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеден озған адам. Заманындағы шайырлардың шығармаларын орындаған Сырбай жүйрік жырау болған секілді. Өйткені сол кездегі жыраулар мақамдарының көбісі біздің заманымызға дейін бірен-сараны ғана жеткен. Соған қарағанда Сырбай жыраудың жыраулығына қоса әншілігі, өз жанынан шығарған мақамы да көп болғанға ұқсайды. Бізге жеткені біреуі ғана.

Азда болса із тастаған Сырбай жырау атамыздың шығармашылық ізі үзілмесе екен деп тілейміз.

Жыраудың шөбересі Алмат мырзаға  алғысымыз шексіз