Қожагелді ұлдары Сүйкімбай мен Сүйіндік жыраулар жайлы
қолымызда олар туралы мәліметтер жоқтың қасы. Кейінгі зерттеулер бойынша кешегі
аумалы-төкпелі замандарда қоныс аударып, басқа елдерге қоныстанып,
үрім-бұтақтары сол шет жерлерде қанат жайған секілді. Біздің білуімізше Кетенің
Киікші аталығынан тарайтын Тілеу атамыздан Ораз, Рыспанбет, Жанарыстан,
Сырлыбай болып төртке бөлінеді. Біз әңгіме етіп отырған қос жырау сол Тілеудің
Оразынан. Біздің Сыр бойында Ораз аталығынан 3-4-ақ жанұя бар. Олардың
көпшілігі Ақтөбе, Қарақалпақ, Өзбек республикасының Бұқар, Новои облыстарында
орналасқан. Шамамен XIX ғасырдың 1840 жылдарында Сыр бойы, Қармақшы аймағы,
Қуаңдария өзенінің жайлауында, Ақтайлақ деген жерде дүниеге келген қос жырау
кейінгі орыс «орамында» оңтүстіктегі Түрікменстан, Қарақалпақ, Өзбек ағайындар
арасына қоныс аударып, сіңіп кеткен. Атақты Сыр сүлейлерінің бірі Балқы
Базарлармен араласып, ағайын-жекжат болып араласқан көрінеді. Бірге жүріп,
бірге тұрып елдегі жиын-тойларды бірге атқарған сыңайлы.
«Киікшінің» қос пырағы Сүйкімбай мен Сүйіндік
ақсақалдар Тауелібай елінде, Бұхара облысының Қызылқұмында 1912-1915 жылдар
шамасында өмірден өтіп, сонда жерленген.