1924 жылы Кете Жүсіппен айтысқан. Халық жырлары мен Балқы Базар, Әубәкір Кердері, Ешнияз, Қарасақал Ерімбет, Тұрмағамбет, Жиенбай тәрізді шайырлардың шығармаларын жатқа айтқан. Ташкент, Бұқара, Хорезм атырабын аралап, жыршылық өнерімен халыққа қызмет еткен. Өз шығармаларынан «Темірбай жыраудың сиырмен айтысы» деген мысал айтысы ғана жарық көрген. (Айтыс 2 т, 1965 ж.). Өзге өлең жырлары, толғау-термелері, айтыстары кезінде ел аузында айтылып жүргенімен хатқа түспеген.