Шын аты – Әзірбай. Қызылора облысы, Жалағаш ауданы,
Жүргенов ауылы бұрынғы Қостам болысында дүниеге келген. Ата-тегі Кіші жүз,
Сарыбай аталығы. Әзілкеш жасынан «Дүр жырау» атанған, өлеңді ағытып айтатын,
суырып-салма «киелі» жырау болған. Ол заманында толғау, терме, айтыс, тақпақ,
сын шығармалар сияқты сөздердің зергері болған.
Әзілкеш асқан әнші-домбырашы, өте
сауыққой жырау атанған. Дәулескер күйші Құрманғазымен дос болып өткен, Кете
Жөнелтікұлы Ешнияз салдың туған қарындасына
бас қосады.
Әзілкеш,
Арқадағы Қыпшақ Қызболық ақынның хабарын есітіп, 23 жасында әдейі Сыр бойынан
іздеп барып, Торғай саласының бойында Қызболықпен айтысып, оны жеңіп қайтады. Олардың
айтыстары 1883 жылы Я.Лютштің Ташкентте бастырылып шыққан кітабында
жарияланған.