Қызылорда
облысы, Сырдария ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Эпик-жыршы. Орындаған
өлеңдері мен жыр-дастандары М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының
қолжазба қорында, № 333 бумада сақтаулы. Мұрағат материалдарының көшірмесі 2001
жылы 13 наурызда фольклортанушы-ғалым Оразгүл Нұрмағамбетовадан алынған.
Аталмыш
қордағы №333 бума, №1 дәптердегі Рахмет жыршының өз шығармалары: «Халық алдында
салатын жырларым», «Терме», «Фермадағы малшы маман», «1 Май фермасына», «Үгіт
жыр», «Олимпиадаға», «Олимпиадаға» (ІІ түрі), «Қойдың арызы», «Октябрьдің 40 жылдығына»,
«Партия қамқоршымыз жол бастаған», «Қой сабаған Ыспанға», «Қызыл Сиырдың арызы»,
«Алтынға», «Малдарды шақыру», «Академияға арыз» деп аталады. Эпик-жыршының
орындауында хатқа түсірілген халық ауыз әдебиет үлгілері мыналар: «Жолбарыс
мінген ұры» (№333,№1 дәптер, 1-11беттер, қолжазба арабша), «Сұрмерген» (№333,№2
дәптер, 1-25 беттер, қолжазба арабша), «Кедей Қамбар жыры» (№333,№3дәптер,
1-49беттер, қолжазба арабша), «Үш жігіт» (№333, №4дәптер, 1-13 беттер, қолжазба
арабша), «Жеті ашық» (№333,№ 5дәптер, 1-25 беттер), «Шаһзада батыр»
(26-37беттер), «Ораз молда», (38-65теттер), «Күдері мен Ұлбике» (№333,
№6дәптер, 1-18беттер), «Үсен тазша мен Ақжарқын сұлу» (9-32 беттер),
«Алшынның қызы Айманкүл мен Майлықожа» (24-30беттер), «Қасқыр мен Тырна» (№333,
№7дәптер, 1-3 беттер), «Бұлбұл мен Есек» (4-5беттер), «Орманнан қасқыр келді
елге қашып» (4-5 беттер), «Бақа мен өгіз» (Крыловтан. 8-9 беттер), «Кедейдің
арманы» (10-14 беттер), «Көрғұлы» жыршының бірінші саласы «Раушанбек» (№333, №8
дәптер, машинкаға терілген-156 бет.