Нышан қобызшының күйін 1925 жылдарда Қызылорда бас қала болып тұрғанда бірсыпыра Үкімет басшылары, Әлкей Марғұлан сияқты ғалымдар тыңдаған көрінеді.
1975 жылы академик Әлекеңнің нұсқауымен фольклоршы ғалым Мардан Байділдаев арнайы келіп, журналист Ахат Жанаевпен бірге әуенді облыстық радиоға, кейіннен магнит таспасына Нышан қобызшының орындауындағы Қорқыттың 11 күйін жазып алады. Міне, сол уақыттан бастап Қорқыт күйлері жырлануда. Атақты күйшінің атында Қызылорда да көше бар.