Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданына қарасты Бесік деген
жерде дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысына алынып, Сталинград майданындағы соғысқа
қатысады. Бір аяқтан, сол қолының саусақтарынан айрылып елге оралып, бала
кезінен серік еткен домбырасын қолына қайта үйреді. Сол кездегі елге белгілі
жыршы-жыраулар Әбділда Жүргенбаев, Күндебай Алдоңғаров, Балқашбай Жүсіповтермен
қосылып, алыс-алыс мал шаруашылықтарында көктем, күзде егін шаруашылығында өнер
көрсетіп, жұрттың ризашылығын алды. Оның жыр қорында Қыз Жібек, Алпамыс,
Көрғұлы т.б. қыссалар мен қоса Соғыс кезінде жазылған өлең-хаттар, Сыр бойы шайырларының терме-толғаулары болды.
Жырау туралы естеліктер үлкен баласы Ахметжаннан алынды. Дәулетбай
Ертісбайұлы 1970 жылы Теренөзек кентінде қайтыс болды.