Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Керделі ауылында дүниеге келген. Нартай
Бекежановтың шәкірті.
1955 жылдары мәдениет
саласында клуб меңгерушісі, мәдениет үйінің әдіскері, үйірме жетекшісі
қызметтерін атқарып, 1988 жылдан Нартай мұражайында қызмет жасады.
1986 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен Бүкіл әлемдік Лорд конференциясына қатысып, Сыр бойының жыраулық өнерін насихаттады.
Жыр қорында Сыр сүлейлерінің жыр-дастандарымен бірге өзінің ірі көлемді шығармалары да бар. Жыраудың дауысы «Тұран» Халықаралық ғылыми зерттеу орталығының фонотека қорында сақтаулы.
Арзулла Молжігітов 2002 жылы Шиелі ауданында дүние салды.