Құтбай Дүрбаев (Құттыбай) 25 мамыр 1906, Жаңақорған
ауданы Өзгент ауылында дүниеге келген. Нартай Бекежановтың шәкірті, аса дарынды
ақын, әнші, жыршы.
Өзбекстандағы қазақ диаспорасының музыкалық-поэтикалық
мұрасын жинап насихаттаушы, орындаушылық дәстүрді жалғастырушы.
Дүрбаевтың «Құтбайдың өзімен таныстыруы», «Құтбайдың Нартайға айтқаны»
деген термелерін өнер зерттеуші Т.Бекхожина жазып алып, «Қазына» этнографиялық
жинағында жариялаған (1979).
«Кенжеқожаның термелері», «Кенжеқожаның ақындарға берген сыны», т.б.
Құтбайдың орындауында нотаға түскен.
Оның репертуарындағы «Аю мен адамның достығы», «Мерт болған жолбарыс», «Кенжеқожаның
1-термесі», т.б. «Қазақтың 200 әні» (1972), «Қазақтың музыкалық фольклоры»
(1982) жинақтарына енген. Түркімен халқының аса көрнекті ақыны Мақтымқұлының
сөзіне жазылған «Сұлу» («Қалқа» ) атты әні халыққа кең танымал.
1971 жылы 4 қаңтарда Өзбекстан мемлекетінің Шыршық ауданында
дүниеден өтті.
Жаңақорған аудандық Өлкетану музейінде ақынның өз
даусымен жазылған бірсыпыра ән-жыр, термелері сақталған.