Қызылорда
облысы, Жаңақорған ауданы, Талап ұжымшарында дүниеге келген. Сол өңірге аты
белгілі Құлан, Нартай, Базар жырау, Тұрмағамбет өлең жырларын жаттап өнеге
тұтқан көп жылдар бойы қызыл отау, автоклуб жұмысын басқарды. Арнау, сықақ
өлеңдерге шебер айтыс ақыны.
1964 жылы
Шымкентте өткен өлкелік айтыста Өмірсерік Қалдыбековпен, Қазақ ССР-ң 50 жылдық
тойлары тұсында Құлжабай Төлеуовпен, «Қазақтың халық поэзиясы» (1973 ж.),
Жамбылдың 125 жылдығында Әсімхан Қосаровпен, «Жамбыл және қазіргі халық
поэзиясы» (1975 ж.), Кененнің 90 жасқа толған тойында Асылкүл Бұрбаевпен «Халық
поэзиясы және бүгінгі өмір» (1976 ж.) айтысқа түсті.
Ақынның орындауында «Күріш алыбына», «Еңбек
өрендеріне», «Кентау шахтерлеріне», «Ақындарға» деген өз шығармалары және Базар
жырау мен Құлан ақынның термелері грампластинкаға жазылды. Өзінің төл
шығармалары «Сырдария саздары» (1938 ж.), «Сыр әуендері» (1991 ж.) жинақтарында
және мерзімді баспа сөздерде жарияланды. Манап Көкенов «Еңбек Қызыл Ту» орденімен
марапатталған.
1976
жылы «Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағы берілді.