НҰРБЕРГЕН ТАСТАЕВ (1957-2005 жж.)

Жаңақорған ауданында дүниеге келген.  ЖГҚИ Қызылорда бөлімшесін 1981 жылы бітірген, құрылыс  саласында еңбек еткен.  

1996-2005 жылы Жаңақорған аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Ол Алматы қаласында өткен «Наурыз-89» мәдени шараға, Ташкент қаласында өткен Базар жыраудың 150 жылдық мерейтойына, Шымкент қаласында өткен Т.Рысқұловтың 100 жылдығына, Ақтау қаласында өткен жыр алыбы Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойына қатысып, өнер көрсеткен.

Сонымен қатар, Бүкілодақтық «шешендік өнер» байқауының дипломанты.  Оның 50-ге жуық әні бар. «Көңіл сыры», «Туған жер», «Досыма», «Гүлім», «Жанымда бір жүрші», «Қарғашым», «Жаңақорған жарығым», «Атажұртты сағындым»  секілді әндері халық арасында кеңінен танымал.