Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шижаға ауылында дүниеге келген. Жастайынан жыр жырлап, ақын-жыраулар ортасында өскен.
Ол жыршылықты атақты Бітімбай жыраудың баласы Сахитжаннан үйренген. Жақсан жыр-дастандарды таңнан-таңға асырып жырлайтын жыршы, оның жыр қорын негізінен Арал, Қазалы өңір ақын-жырауларының шығармалары құрайды. Өзінің үйренген «Едіге», «Қарасай Қази», т.б. жыр-дастандарын балалары Бекұзақ, Айбек, Болатбектерге үйретіп, Бекұзақтың ақын, жырау болуына көп септігін тигізді.
2015 жылы тамыз айында дүние салды.