1949 жылы Аралдың Мойнақ елдімекенінде дүниеге келген.
Өсербай жас кезінен (5-6 жастан бастап) домбыра, ән-жырға әуестенуі басталады. Белгілі Наурызбек жырау үйіне келіп, кішкентайында аузына түкіріп: «Болашақ осы баладан жырау шығады» – деген екен.
Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Хожелі қаласындағы орта мектепке жолдамамен келіп, 1972 жылға дейін қызмет атқарады.
Түсіне Наурызбек жырау еніп, жұмысты тастап, бірыңғай жыршылық-жыраулық өнерге көңіл бөледі. Наурызбек жырау түсіне кіргенін жырау Өсербай былай айтады. «Қолындағы домбырасын маған беріп, батасын берді, қасыма отырды да: «жырлай бер!» – деді, мен жырлап жатырмын. Оянсам түсім екен, сол күннен бастап жыршылық-жыраулық өмірмен ауырдым, шынымен осы ауру дендеп, Хожеліден Қоңыратқа барып, Наурызбек ағама жолықтым. Сол күннен бастап соңына еріп, жыраулыққа ден қойған Өсербай «Жырау Өсербай болып шыға келді».
Облыс аралық жыраулар жарысының жүлдегері, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, «Алты Алаштың Өсербайы» қазір Ақтау қаласында тұрады.