КӨРКЕМ СӘНДІБЕК АЙДОСҚЫЗЫ

КӨРКЕМ СӘНДІБЕК

 

 2001 жылы 2 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

2005 жылы 4 жасында «VІІ Бозторғай» байқауының жеңімпазы атанды.

2011 жылдан бастап Оқушылар мен жасөспірімдер үйі «Жас термешілер» үйірмесінде анасы, жырау Айнұр Есназаровадан сабақ алды.

 2013 жылы халықаралық «ХV Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының  лауреаты.

  2014 жылы жыршы-термешілердің VІ облыстық «Жыр керуені» телефестивалінде, 2015 жылы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Сыр сүлейін сұрасаң...» бағдарламасында өнер көрсетті.

  2014 жылы республикалық «Айгөлек» балалар байқауының лауреаты.

  2020 жылы Беларуссия республикасы Витебск қаласында өткен халықаралық «АРТ ПАРАД-2020» фестиваль-конкурсының  халықтық орындау жанры бойынша ІІІ орын иегері.

  2020-2024ж.ж "Құрманғазы"атындағы ҚазақҰлттық Консерваториясының "Халық әні" кафедрасының 4 курс студенті.