ОЙНАРОВА НАБАТ

1947 жылдың 13 наурызында Арал ауданы, Құмбазар елдімекенінде (бұрынғы Ақирек ауылдық Кеңесінде) туған. Әкесі Тілеужан Айдаулетов ауыл мұғалімі, домбыра тартып, ән, жыр жырлап, көпшіліктің көңілін көтеретін өнерлі адам болған. Осындай әке тәрбиесі Набаттың өнерге келуіне себепші болған деседі. Ол 1966 жылы Қазалы ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. Ол жас кезінен-ақ көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысып, өнер жолына түскен. Әншілік-термешілік өнер жетілдіру мақсатында Алматыдағы эстарада студиясы жанындағы Ғ.Құрманғалиевтың жыршы-термешілер класын оқып бітірген. Республикалық «Гүлдер» эстрадалық ансамблі құрамында жүріп, халықтық терме-жырларды Орта Азия және Қазақстанның Орталық теледидары арқылы насихаттауда айтарлықтай табыстарға жетті. Әсіресе, ол Сыр сүлейлері Балқы Базар, Нұртуған, Нұрмағанбеттің терме-толғауларын сонау шалғайдағы Германия, Финляндия, Швеция сахналарында да шарықтата шырқаған. Ол, Нұртуған мұрасын насихаттаушы, жалғастырушы.