ТЕМІРХАН ЕРҒАЛИЕВ

ТЕМІРХАН ЕРҒАЛИЕВ

(1952-1980 жж.)

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақшатау елдімекенінде дүниеге келген. Алматыдағы эстрада-цирк училищесінде оқып, қазақтың біртуар талантты әншісі Ғарифолла Құрманғалиевтен дәріс алады. Ол Батыс Қазақстан өңіріндегі әйгілі Мұхит төренің әншілік мектебі мен Сыр бойы Арал өңіріндегі жыршылық мақам-саздарға өзіндік өрнек үстеген өнерпаз. Алматыдан келген соң Қызылорда мемлекеттік филармониясында, Сырдария аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарған. Әншінің дауысы тұңғыш рет «Сыр сүлейін сұрасаң..» атты музыкалық антологияда жарияланды. Облыстық телерадиокомпаниясының «алтын қорында» оның орындауындағы халық әндері «Дариға», «Балжан», «Бағила», ұстазы Ғ.Құрманғалиевтың репертуарындағы он шақты әндер мен термелер жазылып сақтаулы.