Сыр өңірінің қазақ халқының рухани қазынасына қосатын сыбағасы – жыраулық өнер.
Бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты – осы асыл мұраны жинақтап, тереңірек зерттеп, оның қыр-сырын түгел ашып, толымды түрде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Сыр өңіріндегі «Руханият жылы» аясында аймақ басшысының қолдауымен Қызылорда облыстық филармониясына 2021 жылы салынып берілген қосымша қосалқы ғимарат Жыраулар үйі болып аталды.